jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкин халықаралық Олимпиада комитетінің президентімен кездесу өткізеді

    Жанар Өтешева мен Геннадий Головкин
    Жанар Өтешева мен Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

    Геннадий Головкин бастаған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің делегациясы Лозаннаға (Швейцария) барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық делегация ХОК-тың штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиадалық үйге барды. Делагацияның құрамында бас хатшы Жанар Өтешева мен Қазақстан ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербек те бар.

    Қазақстан ҰОК өкілдеріне арнап түрлі Олимпиадалық қозғалыстың заманауи дамуындағы түрлі аспектілер мен ерекшеліктерді қамтыған таныстырылым өтті. Жұмыс сапары аясында түрлі ХОК департаменттерімен кездесулер ұйымдастырылады.  

    Айта кетейік, аталған іс-сапардың басты оқиғасы – Геннадий Головкин мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах арасындағы кездесу болмақ.

    "Аталған жұмыс сапары халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалысты бірлесе дамыту жолында маңызды қадам болмақ", - делінген хабарламада.

    Геннадий Головкин халықаралық Олимпиада комитетінің президентімен кездесу өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.