jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мбаппе мен Гризманн Париждегі Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды

    Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн
    Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн. Фото: Sarah Stier - FIFA/FIFA via Getty Images

    Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн Париж Олимпиадасына қатысатын Франция құрамасының алдын ала тізіміне енбеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Франция футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Франция олимпиадалық құрамасының бас бапкері Тьерри Анри командаға шақырылған 25 ойыншының есімін атады. Бірақ олардың ішінде Антуан Гризманн мен Киллиан Мбаппе жоқ. Тізімге енген танымал футболшылардың ішінде Александр Ляказетт ("Лион"), Бредли Барколя, Уоррен Заир‑Эмери ("ПСЖ"), Кастелло Люкеба ("Лейпциг"), Кефрен Тюрам ("Ницца"), Майкл Олисе, Жан‑Филипп Матета (екеуі де — "Кристал Пэлас"), Матис Тель ("Бавария") бар.

    Тьерри Анридің сөзінше, 23 жастан асқан бір футболшыға командада орын бар. Бірақ қай ойыншы шақырылатыны әлі белгісіз.

    Еске салайық, Килиан Мбаппе осы маусымның соңында ПСЖ-дан кететінін ресми түрде мәлімдегенін жазған едік. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы қазіргі құны – 180 миллион еуро.

    Мбаппе мен Гризманн Париждегі Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.