jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы
    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы. Фото: Olympic.kz

    Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандастарымыз алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандықтар Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Еңлік Сертай және Вадим Шарлаимов Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды.

    Жарыстың 1/8 финалында қазақстандықтар Қатар құрамасын 45:15 есебімен жеңді.

    Ширек финалда қазақстандық семсерлесушілер Қырғызстан құрамасынан 45:32 есебімен басым түсті.

    Жартылай финалда Гонконг құрамасын 44:34 есебімен артта қалдырды.

    Ал финалда Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасының чемпиондары Жапония құрамасын 40:34 есебімен тізе бүктірді.

    Айта кетейік, шпагамен семсерлесуден аталған төрттік Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.  

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.