jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылардың киімі таныстырылды

    Ольга Сафронова, Асланбек Шымбергенов және Геннадий Головкин
    Ольга Сафронова, Асланбек Шымбергенов және Геннадий Головкин. Фото: akorda.kz

    26 шілдеде Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары басталады. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова Қазақстан туын ұстап шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға арнайы парадтық костюм тігілген. Шымбергенов ұлттық ою-өрнекпен әсемделген үзін етекті киім мен шалбар, басына бөрік киеді.

    Ту ұстап шығатын ер адамға арналған костюм
    Ту ұстап шығатын ер адамға арналған костюм. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Ольга Сафронова ұзын жеңді көйлек, сондай-ақ Томирис патшайымның сәукелесіне ұқсас бас киім киеді.

    Ту ұстап шығатын әйел адамға арналған костюм
    Ту ұстап шығатын әйел адамға арналған костюм. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Ұлттық құраманың басқа спортшылары мен делегация мүшелеріне де парадтық костюм тігілген. Әйелдерге арналған костюм 8 элементтен тұрады: басқа тағатын аксессуар, жейде, галстук, пиджак, шалбар, белдемше, шұлық және кроссовка. Ал ерлерге арналған костюм тақия, жейде, галстук, шалбар, пиджак, шұлық және аяқ киімнен тұрады.

    Ерлер мен әйелдердің парадтық костюмі
    Ерлер мен әйелдердің парадтық костюмі. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Бұдан бөлек парадтық-спорттық костюм бар. Оны спортшылар мен спорт делегациясының мүшелері жарыстар кезінде, марапаттау рәсімдерінде киеді.

    Парадтық-спорттық костюм
    Парадтық-спорттық костюм. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Сондай-ақ жаттығу кезінде, жарыстан тыс уақытта пайдалануға арналған спорттық форма жиынтығы дайындалған. Оның ішінде футболка, шорты, кепка, кроссовка, сөмке, сүлгі т.б заттар бар.

    Спорттық костюм
    Спорттық костюм. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Ел қоржынында 25 спорт түрінен 92 лицензия бар.

    Осыған дейін Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың толық тізімін жариялаған едік.

    Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылардың киімі таныстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.