jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ресми: қазақстандық дзюдошы Париж Олимпиадасына жекелей сында қатысатын болды

    Эсмигүл Куюлова
    Эсмигүл Куюлова. Фото: Olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында бақ сынайды. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Эсмигүл Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын. Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады", - дейді Имашев Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына берген ресми сұқбатында.

    Айта кетелік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері атанған. 

    Франция астанасы Париждегі байрақты бәсекеде жалпы есебі еліміздің атынан сегіз дзюдошы бақ сынайды. 

    Сондай-ақ Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар қай күндері сынға түсетінін жазған болатынбыз.

    Ресми: қазақстандық дзюдошы Париж Олимпиадасына жекелей сында қатысатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.