jitsu gif
Спорт

    Мырзағали Айтжанов: Парижге аман-есен жеттік, жаттығуды бастап кеттік

    Мырзағали Айтжанов. Фото
    Қазақстан бокс құрамасының бапкерлері. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан құрамасы жазғы Олимпиада ойындары өтетін Франция астанасы Парижге жетіп, дайындыққа кірісіп кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Парижге аман-есен жеттік. Бізді әуежайда Қазақстанның Франциядағы елшілігінің өкілдері қарсы алды. Олимпиада қалашығының атмосферасы керемет көңіл күй сыйлады. Қонақүй де жайлы, таза, ретті. Бүгін Париждегі алғашқы жаттығуымызды бастаймыз. 25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Жалпы жарысқа дайынбыз", - деді бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

    Париж Олимпиадасында бокс бәсекелері 27 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) қорғайды.

    Ал әйелдер құрамасынан алғаш рет үш боксшы сынға түседі. Олар: Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Назым Қызайбай (50 кг).

    Еске салайық, қазақстандық боксшылар Париждегі Олимпиадаға жол тартқанын жазған едік.

    Мырзағали Айтжанов: Парижге аман-есен жеттік, жаттығуды бастап кеттік

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.