"Әңгімең бар ма": Головкин қазақстандық спортшылармен Парижде жүр (видео)
Опубликовано:
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жазғы Олимпиада ойындары өтетін Франция астанасы Парижге барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Instagram желісіндегі ресми парақшасында Париждегі Олимпиада қалашығында жүрген видеосын жариялады. Оның жанында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар.
"Біреу бірдеңе дегісі келе ме? Мұндай қолдаумен кез келгенін жеңеміз", - деді Милад Карими.
Айта кетейік, Милад Карими биылғы жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканың 7 түрінен сынға түседі.
Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен бақ сынайды. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.
- Мырзағали Айтжанов: Парижге аман-есен жеттік, жаттығуды бастап кеттік
- Париждің қақ ортасында қазақстандық спортшылардың фотосы ілінді (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2137791-anggimeng-bar-ma-golovkin-qazaqstandyq-sportshylarmen-parizhde-zhur-video/