Олимпиада басталмай жатып қазақстандық спортшы өзін чемпион деп жариялады
Опубликовано:
Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Instagram желісіндегі ресми парақшасында байрақты бәсеке басталмай жатып өзін 2024 жылғы Олимпиада чемпионы деп жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстандық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасының сипаттамасына: "2024 Olympic champion", - деп жазды.
Маймұратов Парижде құзға өрмелеу спортынан сынға түседі. Ол лицензияны биылғы жылдың маусым айында Будапештте (Венгрия) өткен іріктеу турнирінде жеңіп алды. Іріктеу сериясы екі турнирден тұрған болатын. Біріншісі Шанхайда (Қытай) өткен еді. Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезеңде де сәтті өнер көрсетіп, квота алуға мүмкіндік беретін ұпай жинау қажет болды. Әмір Маймұратов жалпы есепте үшінші орынға жайғасып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.
Көпшілік тағатсыздана күткен Олимпиада ойындары 26 шілде күні басталып, 11 тамыз күні өз мәресіне жетеді. Ал құзға өрмелеу спортынан бәсекелер 5-10 тамыз аралығында өтеді.
- Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
- "Қолымнан келгеннің бәрін істеймін": өзбек боксшысы Сәкен Бибосыновты жеңу үшін барын салатынын айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2138382-olimpiada-bastalmai-zhatyp-qazaqstandyq-sportshy-ozin-chempion-dep-zhariialady/