jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

    Париж Олимпиадасы
    Париж Олимпиадасы. Фото: Christian Liewig - Corbis/Corbis via Getty Images

    Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту Дирекциясының басшысы 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Астана қаласының прокуратурасының хабарламасына сүйенетін болсақ, спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.

    Сонымен қатар басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін Дирекция қызметкері де сотталды.

    Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды.

    Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмектесушісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

    Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.