jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қытайлық спортшы Олимпиадада ерекше есіммен өнер көрсетеді

    Спортшы Лю Циньи
    Спортшы Лю Циньи. Фото: Little Shao / Red Bull Content Pool

    Биылғы Олимпиада ойындарына "брейкинг" деп аталатын жаңа спорт түрі енгізілді. Аталмыш спорт түрінен қытайлық спортшы Лю Циньи өз атын өзгертіп, ерекше есіммен қатысқалы жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Брейкинг спортынан сынға түсетін аспан асты елінің өкілі Лю Циньи өзінің аты-жөнін "671" деген санға өзгертті. Егер ол Олимпиада ойындарында жүлдеге ілігетін болса, арнайы тақтайшада спортшының аты емес, 671 деген сан шығады. Яғни қытайлық спортшының Олимпиададағы жаңа есімі 671 деп аталады.

    Лю Циньидің жүлде алу мүмкіндігі өте жоғары, өйткені ол 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, 2023 жылғы Азия ойындарында жеңіске жеткен.

    Айта кетейік, көпшілік тағатсыздана күткен Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан атынан 25 спорт түрінен 80 спортшы сынға түседі.

    Қытайлық спортшы Олимпиадада ерекше есіммен өнер көрсетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.