jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

    Шорт-трекшілер
    Шорт-трекшілер. Фото: Andre Weening/BSR Agency/Getty Images

    2030 жылы XXVI қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық Олимпиада комитетінің X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша, 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Франциядағы Альпі тауларында өтетін болды.

    Осылайша Франция төртінші рет қысқы Олимпиада ойындарын қабылдамақ. Бұған дейін 1924 жылы Шамони, 1968 жылы Гренобль және 1992 жылы Альбервиль сияқты Франция қалаларында қысқы ойындар болған.

    Айта кетейік, 2026 жылы ақ Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтеді. Cоңғы рет қысқы Олимпиада 2022 жылы Қытай астанасы Бейжіңде жалауын түрген еді. Бұл додада Қазақстан құрамасы бірде-бір жүлде еншілей алмай, жалпы есепте 51-орынға жайғасты.

    2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.