jitsu gif
Спорт

    Париж Олимпиадасы: футбол додасын қай құрамалар жеңіспен бастады

    Футболдан Аргентина олимпиадалық құрамасы
    Футболдан Аргентина олимпиадалық құрамасы. Фото: Tullio M. Puglia/Getty Images

    Франция астанасы Париждегі Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы футбол додасының бірінші топтық кезеңі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Олимпиада ойындарындағы футбол турниріне 4 топқа бөлінген 16 команда қатысып жатыр. Оның ішінде 6 құрама топтық кезеңді жеңіспен бастап, үш ұпай иеленді.

    С тобындағы алғашқы ойын Өзбекстан мен Испания құрамалары арасында болды. Бұл кездесуде испаниялықтар 2:1 есебімен басым түсті. Ал осы топтағы Мысыр және Доминикан республикасы тең ойын көрсетті (0:0).

    Марокко құрамасы B тобында Аргентинаны 2:1 есебімен жеңді. Бұл матч жанкүйерлердің тәртіпсіздігіне байланысты шамамен екі сағатқа тоқтап, кейін қайта жалғасты. B тобындағы тағы бір матчта Ирак командасы да Украинаны 2:1 есебімен ұтты.

    Топтық кезеңнің бірінші турында Гвинея мен Жаңа Зеландия құрамалары да өзара мықтыны анықтады. А тобындағы екі команданың ойыны жаңазеландиялықтардың жеңісімен аяқталды (2:1). Осы топтағы Франция футболшылары АҚШ командасынан 3:0 есебімен басым түсті.

    D тобында да екі матч өтті. Жапония құрамасы Парагвайды 5:0 есебімен ойсырата жеңсе, Мали мен Израиль командалары тең тарқасты (1:1).

    Айта кетейік, олимпиадалық футбол командалары сапында 23 жасқа дейінгі спортшылар ойнайды. Құрамаға 23 жастан асқан үш спортшыны ғана қосуға рұқсат етілген.

    Париж Олимпиадасындағы футбол додасының ширек финалы 2 тамызда, жартылай финал 5 тамызда өтеді. Ал қола жүлде үшін ойын 8 тамызға, финал 9 тамызға жоспарланған.

    Париж Олимпиадасы: футбол додасын қай құрамалар жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.