jitsu gif
Спорт

    Алматы және Астана тұрғындары Олимпиаданың ашылу салтанатын үлкен экрандардан көре алады

    Париж Олимпиадасының логотипі
    Париж Олимпиадасының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

    Бүгін, 26 шілдеде Қазақстан құрамасының қатысуымен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Тікелей трансляцияны Алматы және Астана тұрғындары үлкен экрандардан көре алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Париж Олимпиадасын Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly, "Хабар" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Қазақстан уақатымен 22:25-те басталады.

    Алматы тұрғындары мен қонақтары ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін қаладағы бес үлкен экраннан көре алады:

    • Джамбо-мәртебелі экран, Назарбаев даңғылы, Сәтбаев көшесі, 14;
    • "Атакент" КҚКО – мәртебелі экран, Әуезов көшесі, Тимирязев көшесінің қиылысы;
    • "ОУМ" СОО – медиафасад, Жібек Жолы көшесі, ОУМ қарама-қарсы
    • "Алмалы" СОО – Сәтпаев көшесі бойымен оралық алаңдағы стелла ;
    • "Тиграхауд" СОО – медиафасад, Абай даңғылы, Алтынсарин көшесінің қиылысы.

    Олимпиаданың ашылу салтанаты Астанада да бірнеше жерде тікелей эфирде көрсетіледі:

    • Орталық саябақтағы "Қазақстандық күн" (сағат) монументінің аумағында;
    • Mega Silkway лед экраны (ЭКСПО жағынан);
    • Тұран даңғылы – Қонаев көшесі;
    • Б. Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы;
    • ЭКСПО аумағындағы экран;
    • Арбат (Жағалау).

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 79 спортшы қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен сынға түседі.

    Алматы және Астана тұрғындары Олимпиаданың ашылу салтанатын үлкен экрандардан көре алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.