jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі түсті

    Ислам Сәтбаев
    Ислам Сәтпаев. Фото: olympic.kz

    Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық спортшылар Ислам Сәтпаев пен Александра Ле іріктеу сайысында жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орынға табан тіреген еді. Жұптық сында жинаған ұпайы 630,8. Біздің мергендер тек Қытай мен Оңтүстік Корея елінің спортшыларынан қалып қойды.

    Алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александра Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.

    "Сүйінші, ардақты ағайын! Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржынға түсті. Жарыстың алғашқы күнінде мергендеріміз – Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдегері атанды! Баршаңызды осынау айтулы нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Мергендеріміз қола жүлде үшін таласта Германия өкілдерінен басым түсті. Олардың жеңісті жолы басқа отандастарымызға да жұғысты болсын! Мергендеріміз алдағы уақытта да жанкүйер қауымды қуантады деп сенемін. Өйткені олардың мүмкіндігі жоғары. Бұл жетістік аталған спорт түрінің біздің елде қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын көрінісі. Мергендеріміз мүлт кетпесін! Тілектеспіз!", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті өткен жылғы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады.

    Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.