jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Атланта ойындарынан кейінгі алғашқы медаль": Головкин қола жүлдегер атанған спортшыларды құттықтады

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: t.me/olympickz

    Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында Қазақстанға алғашқы медальді сыйлаған мергендерді құттықтады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

    "Құрметті Ислам және Александра! Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен жеке өз атымнан сіздерді Париж Олимпиадасындағы алғашқы медальді жеңіп алуларыңызбен  құттықтаймын! Сіздер жарыстың алғашқы күні-ақ жүлдеге қол жеткізіп, барша олимпиадалық құрамаға жігер бердіңіздер.

    Қазақстан Атланта ойындарынан кейін алғаш рет нысана көздеуден Олимпиада тұғырына көтеріліп отыр. Бұл жетістік арқылы сіздер өз шеберліктеріңізді паш етіп, еліміздің олимпиадалық тарихына ендіңіздер.

    Ислам, Париж Олимпиадасының ең алғашқы жолдамасын да сіз иеленген едіңіз. Енді, міне, Олимпиаданың алғашқы медалін де сіз сыйлап отырсыз. Бұл медаль Париж Олимпиадасындағы Қазақстан командасының ірі жеңістеріне жол ашсын! Сіздерге Олимпиада ойындарындағы жекелей сында сәттілік тілеймін", - делінген құттықтау жеделхатында.

    Айта кетелік, 10 метрге винтовкамен нысана көздеуден аралас командалық сында қазақстандықтар Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдегер атанды.

    "Атланта ойындарынан кейінгі алғашқы медаль": Головкин қола жүлдегер атанған спортшыларды құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.