jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық мерген финалдық кезеңге шыға алмады

    Ирина Юнусметова
    Ирина Юнусметова. Фото: kazsports.kz

    Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден (10 метр) әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бұл сында Қазақстан атынан мерген Ирина Юнусметова бақ сынаған болатын. Іріктеу кезеңінен өту үшін алғашқы 8 спортшының қатарынан көріну керек.

    Қазақстандық спортшы Ирина Юнусметова 11-орынды иеленіп, жарыс жолынан шығып қалды. 

    Айта кетейік, бұған дейін Александра Ле мен  Ислам Сәтпаев Қазақстанға бірінші медальді сыйлады. Олар аралас командалық сында (пневматикалық винтовка, 10 метр) қола жүлдені еншілеген болатын.

    Сондай-ақ қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ли Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында марапаттау рәсімі кезінде өз жүлделерін алды.

    Қазақстандық мерген финалдық кезеңге шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.