jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық гимнасттар алтын жүлде үшін таласады

    Милад Карими
    Милад Карими. Фото: olympic.kz

    ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары аясында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жарыстың финалдық кезеңіне қос қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими жолдама алды.

    Нариман Құрбанов ат снаряды жаттығуында алтын медаль үшін таласады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ол 15.000 ұпай жинап, алтыншы орынға ие болды. Финалдық кезеңге бұл бәсеке бойынша үздік шыққан 8 гимнаст шықты.

    Милад Карими жекелей сындағы көпсайыс бойынша ақтық кезеңде бақ сынайды. Сондай-ақ ол еркін жаттығу бойынша алтын жүлде үшін таласады.

    Қазақстандық спортшылардың бұл сындағы нәтижелері:

    Нариман Құрбанов – ат снарядындағы жаттығу – 15.000 ұпай (6-орын, финалға өтті);

    Милад Карими – жекелей сындағы көпсайыс – 82.065 ұпай (18-орын, финалға өтті);

    Милад Карими – еркін жаттығу – 14.433 ұпай (8-орын, финалға өтті);

    Милад Карими – кермедегі жаттығулар – 12.700 ұпай (50-орын);

    Милад Карими – сақина жаттығуы – 13.000 ұпай (47-орын);

    Милад Карими – қос сырықтағы жаттығу – 14.366 ұпай (25-орын);

    Милад Карими – тірек секіру – 14.300 ұпай (12 орын);

    Милад Карими – ат снарядындағы жаттығу – 13.266 ұпай (38-орын).

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы Милад Карими Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан жеті бірдей жолдамаға ие болған еді.

    Милад Карими 2021 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынаған. Ал Нариман Курбанов мансабында Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысып отыр.

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық гимнасттар алтын жүлде үшін таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.