Елдос көз жасына ерік берді: Париж төрінде Қазақстан әнұраны шырқалды (видео)
Опубликовано:
Париж Олимпиадасында топ жарған дзюдошыларды марапаттау рәсімінде Елдос Сметов көз жасына ерік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары аясында ерлер арасында 60 кг салмақ дәрежесінде өткен бәсекеде топ жарған спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Бұл санатта жеңімпаз атанған Елдос Сметов әнұран шырқалып жатқан сәтте көз жасына ерік берді.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады.
- "Елдос, үздіксің": Геннадий Головкин Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовты құттықтады (видео)
- Франция президенті Сметов қатысқан финалдық кездесуді тамашалады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2140687-eldos-koz-zhasyna-erik-berdi-parizh-torinde-qazaqstan-anurany-shyrqaldy/