jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық бадминтоншы іріктеуді сәтсіз бастады

    Дмитрий Панарин
    Дмитрий Панарин. Фото: Robertus Pudyanto/Getty Images

    Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин жекелей сынның іріктеу кезеңін сәтсіз бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 28 шілдеде Париж Олимпиадасының бадминтон жарыстары басталды. Ерлер арасындағы жекелей сынның D тобында қазақстандық Дмитрий Панарин мен жапониялық спортшы Нишимото Кента кездесті. Ойын 2 сетке ғана созылды. Себебі жапониялық бадминтоншы 21:5, 21:11 есебімен жеңіске жетті.

    Жапон спортшысы жеребе кезінде әлем рейтингінде жоғары орында тұрған 13 ойыншының қатарына кірген. Енді D тобындағы келесі ойында Дмитрий 29 шілдеде (14:40) Брайан Янгпен шеберлік байқасады.

    Еске салайық, кеше, 27 шілдеде дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Елдос Сметов Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған еді. Аталмыш жеңістен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.