jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов бірінші кездесуінде жеңіліп қалды

    Асланбек Шымбергенов
    Асланбек Шымбергенов. Фото: olympic.kz

    Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 71 кг дейін салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов бірінші кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Асланбек Шымбергенов 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Алғашқы айналымда қазақстандық боксшы нигериялық Зейяд Ишаишпен шеберлік байқасты.

    Нәтижесінде төрешілердің шешімімен (28:29, 27:30, 30:27, 28:29, 30:27) отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды.

    Сонымен қатар, бүгін әйелдер арасында 50 кг дейін салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.

    Айта кетейік, 63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен болатын.

    Бокстан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов бірінші кездесуінде жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.