jitsu gif
Спорт

    Париж-2024: қазақстандық дзюдошы Олимпиаданың екі дүркін жүлдегерін жеңді

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Париж татамиіндегі бәсекенің 1/8 финалында Ғұсман Қырғызбаев Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті. 66 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы 1:0 есебімен (вазари) жеңіп, ширек финалға шықты.

    Ан Баул – Олимпиада ойындарының күміс (2016) және қола (2020) жүлдегері. Ал Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.

    Енді Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда франциялық дзюдошы Валид Кхярмен кездеседі. Валид – әлем чемпионатының және Еуропа біріншілігінің жүлдегері.

    Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсиямен кездесіп, қосымша уақытта "вазари" ұпайымен жеңген болатын.

    Париж-2024: қазақстандық дзюдошы Олимпиаданың екі дүркін жүлдегерін жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.