jitsu gif
Спорт

    Париж Олимпиадасы: дзюдошы Эсмигүл Куюлова алғашқы айналымнан өте алмады

    Эсмигүл Куюлова
    Эсмигүл Куюлова. Фото: Olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Эсмигүл Куюлова Олимпиада ойындарының 1/16 финалында Аустрия өкілі Лубьяна Пиовесанамен кездесті. Қазақстандық дзюдошының қарсыласы алғашқы минуттарда "вазари" ұпайын алып, белдесу соңына дейін осы басымдықты ұстап тұрды. Осылайша, жеңіске жетіп 1/8 финалға өтті. Ал Эсмигүл үшін Олимпиада аяқталды.

    Бүгін, 30 шілдеде Париж татамиіне шыққан қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар да алғашқы белдесуінде ұтылды. Ол мажарстандық спортшы Аттила Унгвариге есе жіберген болатын. Ал кеше Данияр Шамшаев (73 кг) өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевтен жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған еді.

    Әзірге дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының екі медалі бар. Елдос Сметов (60 кг) алтыннан алқа тақса, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

    Париж Олимпиадасы: дзюдошы Эсмигүл Куюлова алғашқы айналымнан өте алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.