"Өңі сондай жылы": желіде Елдос Сметовтің бала күнгі суреттері жарияланды
Опубликовано:
Жақында әлеуметтік желіге Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің бала күнгі суреттері жарияланды. Халқының мерейін үстем еткен дзюдошының бүлдіршін шағындағы, жас күніндегі суреттерін көрген көпшілік ыстық ықыласын білдіріп жатыр, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әлеуметтік желіге жарияланған бұл суреттерде дзюдошы Елдос Сметовтің кішкентай күнінен бастап жігіттік шағына дейінгі кезеңдері көрсетілген. Жарияланған суреттің астына көпшілік жылы лебіздері мен тілектерін жаудырып жатыр.
"Қазақтың маңдайына біткен мақтанышы бол", "Өңі сондай жылы", "Нағыз қазақтың көрікті жігіті", "Өзіңдей шыншыл, мықты ұлдарды тәрбиелесең енді. Спорт кешенін салып, жүлдегерлер дайында. Сен мықтысың", "Қазақтың атын әлемге танытатын азаматтарымыз көп болсын".
Айта кетейік, Олимпиаданың алғашқы күнінде Елдос Сметов дзюдодан ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, топ жарған болатын. Сондай-ақ ол осы жеңісі арқылы Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.
- "Соңғы демім қалғанша жұдырықтасамын": Cәкен Бибосынов өзбек боксшысымен болатын жекпе-жек туралы айтты
- Венесуэлалық спортшы араға 40 жыл салып Олимпиада ойындарына қайта қатысты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2142381-ongi-sondai-zhyly-zhelide-eldos-smetovting-zhas-kunindegi-suretteri-zhariialandy-foto/