jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Келесі Олимпиадаға қатысамын": Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы байрақты бәсекеге қатысатынын айтты

    Боксшы Асланбек Шымбергенов
    Боксшы Асланбек Шымбергенов: kazsports.kz

    Боксшы Асланбек Шымбергенов келесі Олимпиадаға қатысатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 31 шілдеде боксшы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды. Боксшы өз тарапынан халыққа алғысын айтты және қателіктерін түзеп, келесі Олимпиадаға қатысатынын да жеткізді.

    "Дайындығымыз, бәрі өте жақсы болды. Ешкімге кінә артпаймын. Кінә өзімнен. Енді еңбек етеміз. Бұйырса келесі олимпиадаға қатысамын", - деді боксшы Асланбек Шымбергенов.

    Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, Олимпиадамен қош айтысты. Осылайша құрама сапынан 3 боксшы байрақты бәсекедегі жарыс жолын аяқтады. Олар: Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг).

    "Келесі Олимпиадаға қатысамын": Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы байрақты бәсекеге қатысатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.