jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 100 бас жылқы атаған кәсіпкер пікір білдірді

    Кәсіпкер Ануар Маханов
    Кәсіпкер Ануар Маханов. Фото: atr.kz

    Әлеуметтік желіде дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы атанған Елдос Сметовке ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов 100 жылқы сыйлайтыны туралы ақпарат тарағаннан-ақ көпшілік бұл жаңалықты ыстық ықыласпен қабылдады. Осыған байланысты "Атырау" газеті бұл жаңалықтың рас-өтірігін анықтады, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кәсіпкердің айтуынша, Елдос Сметов тамыз айының ортасында Ақтөбе облысына арнайы келеді екен. Осы орайда кәсіпкер, "Атамекен" асыл тұқымды жылқы шаруашылығының төрағасы Ануар Маханов Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылына апарып, сыйлығын тапсыруды көздеп отыр екен.

    "Қазіргі уақытта шаруашылықта жиырма-отыз шақты адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жазғы науқан кезінде елу шақты адамға дейін көбейіп отырады. Чемпионға құрмет көрсете отырып, мемлекетіміздің абыройы арта берсін деген тілек айтамын", - деді Ануар Маханов.

    Ануар Маханов көптеген қазақ жанкүйері сияқты Елдостың жеңісіне ерекше қуанып, чемпионға 100 бас жылқы сыйлайтынын айтты. Ол Париждегі қазақ батырымен тікелей сөйлесіп, сыйлығын дайындап қойғанын да жеткізгенін жазған болатынбыз.

    Айта кетейік, Елдос Сметов 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

    Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 100 бас жылқы атаған кәсіпкер пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.