jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    "Түркия киллер жіберген бе": Олимпиадаға жабдықсыз келіп, жүлдегер атанған мерген жұртты таңғалдырды (видео)

    Юсуф Дикеч. Фото
    Юсуф Дикеч. Фото: x.com/ryskuliev

    Париж-2024 ойындарына құрал-саймандарсыз келіп, Олимпиадада күмісті иеленген түрік мергені жанкүйерлерді баурап алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    51 жастағы Юсуф Дикеч Олимпиада-2024 ойындарына еш жабдықсыз, қыртысталған киіммен келе салған.

    Мергендерге ыңғайлы болу үшін арнайы көзілдірік пен артық дыбысты естіртпейтін құлаққаптар берілуге тиіс. Алайда түрік спортшысы оның біреуін де қолданбады. Тіпті, жарыс кезінде бір қолын қалтасына салып, өзінің көзілдірігімен тұра берген.

    Спортшының өнер көрсету сәті Х желісінде жарияланды, онда Юсуф өзін сабырлы әрі өзіне сенімді ұстаған.

    "Түркия елі киллер жіберген бе?", - делінген жазбада.

    Видеоны көрген желідегілер спортшының мергендігіне таңданысын жасыра алмаған.

    1news.a ақпараттық порталының мәліметінше, Дикеч – Түрік жандармериясының отставкадағы офицері. Бұл оның бесінші Олимпиада ойындары және алғашқы медалі.

    "Түркия киллер жіберген бе": Олимпиадаға жабдықсыз келіп, жүлдегер атанған мерген жұртты таңғалдырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.