jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионынан жеңіліп, Олимпиаданың ширек финалына өте алмады

    Нұрлыхан Шархан
    Нұрлыхан Шархан. Фото: t.me/kazjudoteam

    Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нұрлыхан Шархан 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Мұзаффарбек Туробоевпен кездесті. -100 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекеде екі дзюдошы да "вазари" ұпайын алып, тең есеппен белдесіп жатқан еді. Бірақ кейін өзбек спортшысы "иппон" әдісімен жеңіп кетті.

    Мұзаффарбек Туробоев әлем чемпионатында 2021 жылы қола, 2022 жылы алтын жүлде жеңіп алған. Ал Нұрлыхан Шархан – Азия ойындарының қола жүлдегері (2023).

    Айта кетейік, Нұрлыхан Олимпиададағы алғашқы белдесуінде бельгиялық Тома Никифоровтен басым түскен еді.

    Париж Олимпиадасында әзірге қазақстандық екі дзюдошы жүлдегер атанды. Алғашқы жарыс күні Елдос Сметов (60) алтын жүлде еншілесе, келесі күні тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Данияр Шамшаев (73 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (81 кг) алғашқы айналымда қарсыластарына есе жіберді.

    Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионынан жеңіліп, Олимпиаданың ширек финалына өте алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.