jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрбек Оралбай әзербайжандық боксшыны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

    Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нұрбек Оралбай ширек финалда Әзербайжан өкілі Мурад Аллахвердиевпен қолғап түйістірді. 80 кг салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Енді Нұрбек Оралбай жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналеспен кездеседі. Бұл жекпе-жекте жеңсе, алтын медальға таласады. Ал есе жіберсе, қола жүлде еншілейді.

    Айта кетейік, Нұрбектің сыңары Айбек Оралбай (92 кг) ширек финалда тағы бір әзербайжандық спортшы Лорен Альфонсо Домингестен ұтылып қалған еді. Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) Олимпиаданы аяқтаған болатын.

    Бүгін, 3 тамызға қараған түні Сәкен Бибосынов (51 кг) шаршы алаңға шығады. Ол ширек финалда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады. Жекпе-жекті сағат 00:20-да "Хабар" телеарнасынан көруге болады.

    Нұрбек Оралбай әзербайжандық боксшыны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.