jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының финалына шыға алмады

    Қазақстандық гимнаст Данил Мұсабаев
    Қазақстандық гимнаст Данил Мұсабаев. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық спортшы Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасында батутты гимнастикадан іріктеу кезеңіне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Данил Мұсабаев бірінші мүмкіндігінде 58.070, ал екіншісінде 52.550 ұпай жинады. Алайда финалға жолдама алған сегіз спортшының қатарына ене алмады.

    Еске салайық, спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Милад Карими Париж Олимпиадасында жекелей көпсайыстың финалында сынға түсіп, соңғы орын алған еді. Енді ол 4 тамызда қол тіреп секіруден финалда бақ сынайды. Сол күні тағы бір қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов ат снаряды жаттығуында алтын медальға таласады.

    Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын 2 қола жүлде бар. Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады.

    Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.