jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық мерген Олимпиаданың іріктеу кезеңінен ары аса алмады

    Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай Азия ойындарында
    Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Cтенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Стенд атудың скит бәсекесінде жалпы саны 30 спортшы бақ сынады. Іріктеу кезеңнің алғашқы күнінде қазақстандық Эдуард Ещенко 66 ұпай жинаған еді. Ал жарыстың екнші күнінде тағы 24 және 25 ұпай иеленді. Нәтижесінде жалпы есепте 115 ұпаймен 26-орынға табан тіреді. Осылайша жарыс жолын іріктеуден аяқтады. Еске салайық, финалға үздік нәтиже көрсеткен 6 спортшы жолдама алады.

    Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Мария Дмитриенко трап сайысында бақ сынап, 10-орынға жайғасып, финалдық кезеңге өте алмай қалған болатын.

    Стенд ату спортынан Париж Олимпиадасына қазақстандық спортшы Әсем Орынбай да қатысады. Ол скит сайысында бақ сынайды.

    Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі байрақты бәсеке 11 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар.

    Қазақстандық мерген Олимпиаданың іріктеу кезеңінен ары аса алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.