jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық гимнаст тағы бір финалда жүлде иелене алмады

    Қазақстандық гимнаст Милад Карими
    Қазақстандық гимнаст Милад Карими. Фото: olympic.kz

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Милад Карими Париж Олимпиадасында екінші рет финалда өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Милад Карими еркін жаттығудың ақтық кезеңінде 14.500 ұпай жинап, 8 спортшының ішінде 5-орынға тұрақтады. Алтын медальді Филиппин өкілі Карлос Юло (15,000) жеңіп алса, күмісті израильдік Артем Долгопят (14,966), қола жүлдені британиялық Джейк Джерман (14,933) қанжығалады.

    Айта кетейік, Милад Карими 31 шілдеде жекелей көпсайыстың финалында бақ сынап, 76.065 ұпай жинаған еді. Бұл көрсеткішпен қазақстандық гимнаст 24 спортшының ішінде соңғы орын алды.

    Милад Карими Токио-2020 Олимпиадасына қатысып, еркін жаттығуда 5-орын, кермеде жаттығуда 8-орын, ал көпсайыста 14-орынға жайғасқан болатын.

    Бүгін, 3 тамызда тағы бір қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетеді. Ол тұтқалы ат жаттығуы бойынша алтын медальға таласады.

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық гимнаст тағы бір финалда жүлде иелене алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.