jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Әсем Орынбай іріктеудің алғашқы жарыс күнінде сәтсіз өнер көрсетті

    Нысана көздеуші Әсем орынбай
    Нысана көздеуші Әсем орынбай. Фото: olympic.kz

    Cтенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінің алғашқы күнінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы жалпы есепте 23-орынға тұрақтады. Бірінші айналымда 22 ұпай жинаса, екінші айналымда да осы нәтижені қайталады. Ал үшінші айналымда 23 ұпай еншіледі. Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне іріктеудің бірінші күнінің нәтижесі бойынша Әсем Орынбайдың қанжығасында 67 ұпай бар.

    Келесі кезекте ол екінші іріктеуде өнер көрсетеді. Төртінші және бесінші айналымның қорытындысы бойынша жарыс кестесі құрылады. Жалпы есепте үздік нәтиже көрсеткен 6 спортшы финалға шығады. Ал іріктеу сайысына барлығы 29 спортшы қатысып жатыр.

    Еске салайық, стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен еді. Алайда ол жалпы есепте 26-орынға табан тіреп, финалға шыға алмады.

    Әсем Орынбай іріктеудің алғашқы жарыс күнінде сәтсіз өнер көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.