jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионы атанған қазақстандық жеңіл атлет Олимпиада финалына шықты

    Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто
    Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нора Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде сынға түсті. Ол мәре сызығын бесінші болып кесіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Нораның көрсеткіші – 9 минут 16,46 секунд.

    Айта кетейік, Нора Джеруто – Кения тумасы. Ол 2022 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр. Спортшы сол жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алған еді. Осылайша, Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанды.

    Нора Джеруто 2023 жылы допинг дауына ілігіп, биыл толығымен ақталып шыққан болатын.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде еншілеген еді. Ал дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалады. Сондай-ақ гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуынан күміс медаль иеленген болатын.

    Әлем чемпионы атанған қазақстандық жеңіл атлет Олимпиада финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.