jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады

    Әлімхан Сыздықов
    Әлімхан Сыздықов. Фото: olympic.kz

    Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әлімхан Сыздықов ширек финалда Әзербайжан өкілі Сабах Шариатимен күресті. 130 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде қазақстандық балуан 4:0 есебімен жеңіліп қалды. Енді Шариати финалға өтсе ғана Сыздықов жұбаныш белдесуіне қатыса алды.

    Еске салайық, Әлімхан Сыздықов алғашқы белдесуінде әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, румыниялық балуан Алексук-Чурариуді жеңген еді.

    Ал 60 кг салмақ дәрежесінде күрескен Айдос Сұлтанғали 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбековке есе жіберді.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде еншілеген еді. Ал дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалады. Сондай-ақ гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуынан күміс медаль иеленген болатын.

    Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.