jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада-2024: қазақстандық ескекшілер ширек финалда бақ сынайды

    Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жарыста
    Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жарыста Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Қазақстандық ескекшілер Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан бақ сынады. Алты жұп қатысқан сайыста қазақстандық ескекшілер мәреге бесінші болып жетті. Олардың уақыт көрсеткіші – 1 минут 45, 94 секунд.

    Үздік нәтиже көрсеткен екі жұп жартылай финалға тікелей жолдама алды. Ал қалғаны, соның ішінде Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов ширек финалда сынға түседі.

    Айта кетейік, Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов сәуірде Токиода (Жапония) өткен іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған еді. Олар 500 метрді 1 минут 44.213 cекундта бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл сында тек бір жолдама ойнатылған болатын.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 11 тамызға дейін жалғасады

    Олимпиада-2024: қазақстандық ескекшілер ширек финалда бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.