jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер
    ИА
    Ислам Аманқос
    Бұрынғы қызметкер

    Александра Ле: Қазақстандықтар мықты ғана емес, мерген екенін де дәлелдедік

    Қазақстандық мерген Александра Ле
    Қазақстандық мерген Александра Ле. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған қос мергеннің бірі Александра Ле елге оралып, жеңісі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 27 шілдеде 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль болды.

    "Біз әлемге қазақстандықтар мықты ғана емес, мерген екенін де дәлелдедік. Ендігі жоспар – нәтижемізді одан әрі жақсарту. Париж Олимпиадасында біз бүкіл спортшының ішінде алғашқылардың бірі болып сынға түстік. Біздің жүлдеміз біраз уақыт бойы медаль кестесінде бірінші болып тұрды. Сол кезде өзімізді мақтан тұттық, ел сенімін ақтағанымызға қатты қуандық", - деді Александра Ле.

    Еске сала кетсек, Қазақстанның спорттық гимнастика және оқ ату құрамасының мүшелері елге оралғанын жазған едік.

    Александра Ле
    Александра Ле. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстандық мерген Ислам Сәтбаев
    Қазақстандық мерген Ислам Сәтбаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Нариман Құрбанов, Александра Ле және Ислам Сәтбаев
    Нариман Құрбанов, Александра Ле және Ислам Сәтбаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Александра Ле: Қазақстандықтар мықты ғана емес, мерген екенін де дәлелдедік

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.