jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Баламның жеке жаттықтырушысымын": Нариман Құрбановтың әкесі ұлының жетістігі туралы айтты

    Хусанжан Құрбанов
    Хусанжан Құрбанов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановтың жеке бапкері әрі әкесі Хусанжан Құрбанов ұлының жетістікке жетуі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 7 тамыз таңертең Алматы әуежайына Қазақстанның спорттық гимнастика және оқ ату құрамасының мүшелері келіп қонды. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының күміс және қола жүлдегерлері де бар. Спортшылармен бірге олардың жаттықтырушылары да келді. Нариманның бапкері – әкесі Хусанжан Құрбанов. Оның ойынша ұлының жүлделі орын алуы – бүкіл ел үшін тарихи медаль.

    "Әрине біз алтын алғымыз келді, бірақ біз күміс иелендік, бұл жүлдеге де қуаныштымыз. Мен баламның жеке жаттықтырушысымын, мен оны 21 жыл бойы осы бағыт бойынша үйретіп келемін. Мен онымен мақтанамын", - дейді Хусанжан.

    Сондай-ақ қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов елге оралып, тарихи жүлдесі туралы айтты.

    Бәрі маған үміт артты, жүлде алатынымды алдын ала болжап қойды. Бірақ әлі күнге дейін Олимпиада медалін жеңіп алғаныма сене алмаймын. Осы жүлдені Қазақстан халқына арнаймын. Өйткені бұл еліміз үшін көптен күткен медаль", - деді Нариман Құрбанов.

    Нариман Құрбанов
    Нариман Құрбанов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Баламның жеке жаттықтырушысымын": Нариман Құрбановтың әкесі ұлының жетістігі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.