jitsu gif
Спорт

    Париж-2024: балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалға өтті

    Нұрсұлтан Тұрсынов
    Нұрсұлтан Тұрсынов. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Грек-рим күресінен 87 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекенің 1/8 финалында Нұрсұлтан Тұрсынов мысырлық спортшы Мохаммед Метвалимен күресті. Бұл белдесуде қазақстандық балуан мерзімінен бұрын 10:1 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Нұрсұлтан Тұрсынов 2014 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ құрлықтық біріншіліктің үш дүркін жүлдегері. Ал Мохамед Метвалли Африка құрлығының екі дүркін чемпионы. Тұрсынов Біріккен күрес әлемі ұйымының 87 кг салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтингінде бесінші, ал Метвалли жиырма алтыншы орында тұр.

    Бүгін, 7 тамызда қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында Жапония спортшысы Нао Кусакамен кездеседі. Финалдық кезең 21:15-те басталады. Тікелей трансляцияны Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

    Париж-2024: балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалға өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.