jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "6 жаста ғана едім": боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбайдың есімін әпкесі қойған болып шықты

    Нұрбек және Айбек Оралбай
    Нұрбек және Айбек Оралбай. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынаған боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбайдың есімін әпкесі қойған болып шықты. Бұл туралы Мөлдір Оралбай ҚазАқпарат агенттігіне берген сұқбатында айтты.

    Күні кеше Нұрбек Оралбайдың шаңырағына боксшының туған-туыстары жиналған. Олардың арасында Нұрбек пен Айбектің есімін қойған Мөлдір Оралбай да болған. Ол – Париж төріндегі Олимпиадада бақ сынаған егіздердің есімін қойған әпкесі.

    "Мен Нұрбек пен Айбектің әкесі Рахат Оралбайдың ағасының қызымын. Ата-әженің алғашқы немересі болғандықтан ерке болып өстім. Қатты ерке болғаным соншалық, 2000 жылы бауырларым дүниеге келгенде есімін қою бақыты маған бұйырды.

    Ол кезде небары 6 жаста едім. Бұл есімдер далада бірге ойнап жүрген балалардың есімі болатын", -деді Мөлдір.

    Айта кетейік, 8 тамызға қараған түні Нұрбек Оралбай Украина өкілі Олександр Хижнякқа есе жіберіп, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал Айбек Оралбай 1/4 финалда әзербайжандық Лорен Альфонсо Домингестен айласын асыра алмай, жарыс жолын тоқтатты.

    "6 жаста ғана едім": боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбайдың есімін әпкесі қойған болып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.