jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Спорттан кетіп қалатын сәттерде мойыған жоқ": ҰОК бас хатшысы Назым Қызайбайға қолдау білдірді

    Назым Қызайбай мен Жанар Өтешова
    Назым Қызайбай мен Жанар Өтешова. Фото: Instagram/zhanar_utesheva

    Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Жанар Өтешова Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға қолдау білдіріп, желіде жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Жанар Өтешова Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға Instagram арқылы қолдау білдірді.
    • Өтешова Қызайбайдың мейірімділік, шынайылық, батылдық сияқты қасиеттерін атап өтіп, оны қазақстандық әйелдер боксының бет-бейнесі ретінде сипаттады.
    • Жанар Өтешова Назым Қызайбайдың қола медалін "алтынға пара-пар" деп бағалап, оның жеңісімен құттықтады.

    Жанар Өтешова ел қоржынына қола түсірген боксшы Назым Қызайбайды Instagram-дағы парақшасында құттықтаған. ҰОК бас хатшысы спортшы аруға қолду білдіріп, оның бойындағы асыл қасиеттерді тізіп шықты.

    "Оның бойында мейірім мен шынайылық, нәзіктік пен батылдық үйлесім тапқан. Онымен әңгімелесу – бір ғанибет. Ол өзіне не керегін, қаншалықты мықты екенін және қай жерде не жетпейтінін жақсы біледі. Ол - батыл. Ол адамның бетіне тік айтудан қорықпайды, осы қасиеті маған да ерекше ұнайды. Ол әйелдер боксынан қазақстандық спорттың бет-бейнесіне айналған жан. Оны талай адам үлгі тұтты, оған ұқсағысы келген талай жан спортқа бет бұрды. Ол - мықты. Боксқа қолын бір сілтеп, спорттан кетіп қалатын сәттерде мойыған жоқ. Берілген жоқ. Ол - чемпион! Қола медаліңмен құттықтаймын, Назым! Бұл медаль біз үшін алтынға пара-пар", - деп жазды Жанар Өтешова.

    Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесіп, оған 4:1 есебімен есе жіберді.

    "Спорттан кетіп қалатын сәттерде мойыған жоқ": ҰОК бас хатшысы Назым Қызайбайға қолдау білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.