jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды

    Ерден Хайруллин. Фото
    Ерден Хайруллин. Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасының баспасөз қызметі

    Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде қайтыс болды. Ол елде іссапармен жүрген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде кенеттен қайтыс болды.
    • Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, оның жүрегі тоқтап қалған.
    • Ерден Хайруллин 2022 жылдың мамыр айынан бері Алматының спортын басқарып келген.

    Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды.

    "Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды", - деді Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

    Алматы қаласының әкімдігі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдіріп, көңіл айтты.

    "Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Парижде Ерден Хайруллин іссапармен жүрген", - деді Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері.

    Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. 

    Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.