jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: Кенияда туған қазақстандық жеңіл атлет жүлдеге іліге алмады

    Париж Олимпиадасының қатысушылары
    Париж Олимпиадасының қатысушылары. Фото: Luke Hales/Getty Images

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасының финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 10 тамызда қазақстандық спортшы Дэйзи Джепкемей 10 мың метрге жүгіру бәсекесінде сынға түсті. 25 жеңіл атлет бақ сынаған финалдық кезеңде Дэйзи мәреге 31:26:55 уақытта жетіп, 17-орын алды. Аталмыш сында бірінші орын алған кениялық желаяқ Чебет Беатрис мәреге 30 минут және 43.25 секундта жетті. Екінші орын италиялық спортшы Надиаға тиесілі, ал үздік үштікті Нидерландының өкілі Хасан түйіндеді.

    Айта кетейік, 10 мың метрге жүгіру бойынша Олимпиада рекорды эфиопиялық Алмаз Аянаға тиесілі. 2016 жылы Риода өткен жарыста Алмаз аталмыш сынды 29 минут 17.45 секундта бағындырған.

    Тағы бір қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің финалдық кезеңінде сынға түсті. 15 спортшы бақ сынаған финалдық кезеңде жеңіл атлет Нора Джеруто мәреге 9:08:97 уақытта жетіп, 9-орын алды.

    Париж Олимпиадасы: Кенияда туған қазақстандық жеңіл атлет жүлдеге іліге алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.