jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер
    ИА
    Ислам Аманқос
    Бұрынғы қызметкер

    Назым Қызайбайдың ата-анасы: Қызымыздың жекпе-жегін көруге жүрегіміз шыдамайды

    Назым Қызайбайдың анасы – Кәмшат Ахетқызы
    Назым Қызайбайдың анасы – Кәмшат Ахетқызы. Фото: KAZ.NUR.KZ / Ислам Аманқос

    Бүгін, 12 тамызда бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды. Осы орайда БАҚ өкілдері боксшының ата-анасынан сұқбат алды, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Боксшы Назым Қызайбайдың анасы Кәмшат Ахетқызы қызының боксқа деген сүйіспеншілігін айтты.

    "Қызымның жекпе-жектерін көре алмаймын, бірақ бокс біткен кезде нәтижесін естіп қуанамыз.

    Жаттығуда көп жүреді. Спортта жүргеннен кейін қиын ғой. Таңертеңнен бастап кешке дейін жаттығуда болады. Басқа қыздар секілді спортты тастап кеткен жоқ. Өзінің дегеніне жетті. Тынбай жаттықты. 12-13 жасынан бастап осы спорт түрін таңдап, ақыры арманына жетті.

    Қола жүлденің өзі біз үшін үлкен жетістік. Халқымыздың мәртебесін көтерді. Бәріміз қуанып жатырмыз", - деді анасы Кәмшат Ахетқызы.

    Әкесі Абай Қызайбай қызының жекпе-жектерін көре бермейтінін, қызы үшін уайымдайтынын жеткізді.

    "Біз бокспен айналысуына қарсы болмадық. Таңдауды өз еркіне бердік, бетін қайтармадық.

    Әрине, қыз балаға оңай емес. Ол рингке шыққанда, біз теледидарға аса жақындай бермейміз. Жекпе-жегін көруге жүрегіміз шыдамайды. Бітті-ау деген кезде келеміз", - деді әкесі Абай Қызайбай.

    Айта кетейік, бүгін, 12 тамызда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды.

    Назым Қызайбайдың ата-анасы: Қызымыздың жекпе-жегін көруге жүрегіміз шыдамайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.