jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдегі қазақ спортшылары Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсетті (фото)

    Боксшы Руслан Абдуллаев
    Боксшы Руслан Абдуллаев. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына шетелдегі қазақ спортшылары да қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Париж Олимпиадасында шетелдік қазақ спортшылары өнер көрсетті, оның ішінде Өзбекстаннан Ақтеңге Кеунімжаева мен Руслан Абдуллаев, Қытайдан Әбусайман Хабила мен Тоқтарбек Таңатқан бар.
    • Бұл спортшылардың барлығы жүлдесіз қалды: Кеунімжаева мен Хабила алғашқы айналымдарда жеңілсе, Абдуллаев ширек финалда, ал Таңатқан 1/16 финалда сүрінді.
    • Олимпиадаға қатысқан шетелдік қазақ спортшылары әр түрлі спорт түрлерінде өнер көрсетті: әйелдер күресі, еркін күрес және бокс.

    Өзбекстандағы этникалық қазақ Ақтеңге Кеунімжаева Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен 50 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол 1/8 финалда украиналық балуан Оксана Ливачпен белдесіп, жеңіліп қалды. Егер Оксана финалға өтсе, Ақтеңге қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алар еді. Алайда украиналық спортшы ақтық кезеңге шыға алмай, Кеунімжаева жүлдеден қол үзді.

    Ақтеңге Кеунімжаева (сол жақта)
    Ақтеңге Кеунімжаева (сол жақта). Фото: PUNIT PARANJPE/AFP via Getty Images

    Қытайдағы этникалық қазақ Әбусайман Хабила Париж боз кілемінде еркін күрестен 97 кг салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол алғашқы белдесуінде америкалық балуан Кайл Фредерик Снайдерге есе жіберді (9:5). Кайл финалға жолдама алса, Әбусайман жүлдеге таласа алар еді. Бірақ америкалық спортшы жартылай финалда сүрінді.

    Әбусайман Хабила (сол жақта)
    Әбусайман Хабила (сол жақта). Фото: PUNIT PARANJPE/AFP via Getty Images

    Өзбекстандағы тағы бір қазақ спортшысы Руслан Абдуллаев Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды. 63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшы канадалық Уайатт Сэнфордқа төрешілердің шешімімен есе жіберді. Абдуллаев алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Мигель Анхел Мартинесті жеңген еді.

    Боксшы Руслан Абдуллаев (оң жақта)
    Боксшы Руслан Абдуллаев (оң жақта). Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Олимпиада ойындарында Қытайдың намысын тағы бір этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан қорғады. 27 жастағы боксшы 80 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Ол 1/16 финалда Доминикан спортшысы Кристиан Пиналеспен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен жеңіліске ұшырады. Кристиан Пиналесті жартылай финалда қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жеңді.

    Боксшы Тоқтарбек Таңатқан
    Боксшы Тоқтарбек Таңатқан. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтаған еді.

    Шетелдегі қазақ спортшылары Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.