jitsu gif
Спорт

    "Бізді керек қылмады": Ермахан Ибраимов боксшылардың Олимпиададағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

    Ермахан Ибраимов
    Ермахан Ибраимов. Фото: youtube.com/@ruslansport

    Ермахан Ибраимов Barys Media Youtube-арнасына берген сұқбатында қазақстандық боксшылардың Париж Олимпиадасындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Ермахан Ибраимов BARYS MEDIA арнасына сұқбат беріп, Олимпиадада боксшылардың жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
    • Ол спорт басшылығын сынға алып, оларды боксшыларға қолдау көрсетпегені үшін айыптады.
    • Ибраимов бұрынғы министрлер олимпиадаға Жақсылық Үшкемпіров сияқты тәжірибелі спортшыларды апаратынын, олар командаға рух беретінін айтты.

    Ермахан Ибраимов боксшылармен бірге Олимпиадаға барып, оларды рухтандырып отыратын "бойтұмар" адам жетіспегенін айтты.

    "Негізі бойтұмарды қажет ететіндер табылмай қалған шығар. Мен бірнеше рет айттым, ымдап та білдірдім. Министрліктен әлде спорт комитетінен қателік кетті ме, әйтеуір қол бұлғап, "хатты жібереміз" деді де кете барды. Бір сөзбен айтқан кезде бізді керек қылмады. Бойтұмарды қажет етпеген шығар. Кезінде министрлікті басқарып отырған Темірхан Досмұхамбетов, Аманша Ақпаев ағаларымыз міндетті түрде олимпиадаға Жақсылық Үшкемпіров ағамызды алып алатын. Ол бізге рух беріп, көтермелеп, "жарайсыңдар, жігіттер" деп қолдап жүретін. Команданың көбісі қазақтар болғандықтан бойына күш-қуат беретін жақсы сөзді қазақша естігісі келеді. Былайша айтқанда, олар "жеңіс бойтұмарын" Қазақстанда қалдырып кеткен сияқты", - деді ол.

    Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстанның ерлер құрамасынан 7 спортшы бақ сынап, тек 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ғана күміс медаль еншіледі.

    "Бізді керек қылмады": Ермахан Ибраимов боксшылардың Олимпиададағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.