jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Өте жақсы команда құрдық": Олег Болякин Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындық туралы айтты

    Қазақстандық хоккейшілер
    Қазақстандық хоккейшілер. Фото: olympic.kz

    Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин команданың Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындығы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Біз өте жақсы команда құрдық. Дайындығымыз жақсы. Мүмкіндігіміз де жоғары. Жан-жақтағы ойыншылар түгел жиналып жатыр.

    Дайындықтың үш кезеңі жоспарланған. Қазір екіншісін өткеріп жатырмыз. Соңғысы Чехия мен Словакияда өтеді. Сол кезде команданың негізі жасақталады. Әзірге айтарым, біздің мүмкіндігіміз бар", - деді Болякин.

    Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі матчтарының кестесі (Астана уақыты бойынша):

    29.08 / 17:00

    • Қазақстан – Мажарстан;

    30.08 / 17:00

    • Қазақстан – Аустрия;

    01.09 / 21:00

    • Словакия – Қазақстан.

    Айта кетейік, 2026 жылы қысқы Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтеді.

    "Өте жақсы команда құрдық": Олег Болякин Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындық туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.