jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы жарыс жолын жеңіспен бастады

    Милана Красавцева
    Милана Красавцева. Фото: olympic.kz

    Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 29 тамызда қазақстандық паралимпиадашылар Париждегі дүбірлі доданың алғашқы жарыс күнінде өнер көрсетті.

    Таеквондодан 52 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Милана Красавцева пара таеквондоның K44 санаты бойынша 1/8 финалда 10:8 есебімен басым түсті. Ол Доминикан Республикасының спортшысы Элизабет Джералдо Диаспен күш сынасты. Келесі қарсыласы мексикалық спортшы Гарсия Джессика.

    Айта кетейік, кеше, 28 тамызда Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының Ашылу салтанаты қаланың орталығындағы "Келісім" алаңында өтті. Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл жарыста қазақстандық 44 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия жеңіп алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.