jitsu gif
Спорт

    "Жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады": Тоқаев спорт саласындағы заңнамалар жаңаратынын мәлімдеді

    Футбол добы
    Футбол добы. Көрнекі фото: piqsels.com

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында спорт саласындағы заңнаманы жаңарту қажеттігі туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы заңнаманы жаңарту қажеттілігін атап өтті.
    • Президент бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын және дені сау жастарды тәрбиелеудегі рөлін атап көрсетті.
    • Тоқаевтың айтуынша, заңнамадағы өзгерістер бұқаралық және балалар спортының дамуына серпін беріп, жаңа чемпиондарды дайындауға негіз болады.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласына байланысты заңнаманы өзгерту қажет екенін, бұл аталмыш бағыттың дамуына тың серпін беретінін айтты.

    "Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын.

    Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, Ұлттық қорды тек мемлекет мүддесіне жұмсау керегін айтты.

    "Жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады": Тоқаев спорт саласындағы заңнамалар жаңаратынын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.