jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов елге оралды (видео)

    Еркін Ғаббасов
    Еркін Ғаббасов. Фото: Andy Lyons/Getty Images

    Франция астанасы Париждегі Паралимпиада ойындарында күміс жүлде иеленген қазақстандық спортшы Еркін Ғаббасов елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.KZ телеарнасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Паралимпиада жүлдегерін Астана әуежайында жанкүйерлері мен жақындары құрмет-қошеметпен күтіп алған. Олардың арасында спортшының анасы да бар.

    "Өте қуаныштымын. Ұлым өзінің жігерімен, ұмтылысымен осындай жетістікке жетті. Ол Парижге аттанғанда қорқып тұрдым, бүкіл Қазақстан сенім артты ғой. Тілеуін тілеп отырдық. Туымыз көтерілмей ұят боп қала ма деп қорықтым. Осындай хәлге жеткен балам үшін қуандым. Әйтпесе көпшілігі құлап кетеді ғой. Елімізге, туыc-бауырларымызға алғыс айтамын", - деді Еркін Ғаббасовтың анасы.

    Еске салайық, R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түскен Еркін Ғаббасов күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Қазақстандық спортшы финалда 227.3 бал жинап, жалпы есепте екінші орынды еншіледі. Бұл Парижде өтіп жатқан Паралимпида ойындарындағы Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды.

    Бүгін, 3 қыркүйекте жарыс жолына 2 қазақстандық спортшы шығады. Сиязбек Далиев 50 метрге арқамен жүзуден сынға түссе, Нұрдәулет Жұмағали 200 метрге жекелей жүгіруден ел намысын қорғайды.

    Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов елге оралды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.