jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Паралимпиада-2024: қазақстандық екі жүзгіш финалға өте алмады

    Нұрдәулет Жұмағали
    Нұрдәулет Жұмағали. Фото: csp-parasport.kz

    Пара жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Нұрдәулет Жұмағали мен Сиязбек Далиев Париж Паралимпиадасының финалына шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нұрдәулет Жұмағали кешенді стильмен 200 метр қашықтыққа жүзуден сынға түсті. Ол көру қабілеті нашар спортшылар арасында S12/S13 санатында бақ сынады. Қазақстандық спортшы белгіленген межені 2 минут 20,31 секундта бағындырып, іріктеуде оныншы орынға ие болды. Финалға үздік нәтиже көрсеткен сегіз спортшы шықты.

    Енді қазақстандық жүзгіш 2024 жылғы Паралимпиадада 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу жарысына қатысады. Бұл дисциплина бойынша ол Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері болды, сонымен қатар соңғы Азиадада жеңіске жетіп, екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Сондай-ақ бүгін тағы бір қазақстандық жүзгіш Сиязбек Далиев Париж Палимпиадасында сынға түсті. S5 класындағы 50 метрге шалқалап жүзу бойынша іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы 40.14 секунд нәтижесімен финалға өте алмады. Енді ол 6 қыркүйекте 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бақ сынайды.

    Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Паралимпиадасының 1 медалі бар. R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түскен Еркін Ғаббасов күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

    Паралимпиада-2024: қазақстандық екі жүзгіш финалға өте алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.